Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Бес

«Бес» саны көптеген мәдениеттерде адамды, микрокосмды білдіретін символ болып саналады және қолдың символикасымен тығыз байланысты. Бұл — қытай, жапон, кельт және өзге де дәстүрлердегі ғалам құрылымын танытатын маңызды белгілердің бірі. Мұсылмандық түсінікте бұл сан игілік пен қорғаныштың нышаны ретінде қабылданып, исламның бес парызын білдіреді: иман, намаз, қажылық, қайырымдылық және ораза.

Бұл сан түркі мәдениетінде «үш» немесе «төрт» сандары сияқты аса кең таралмағанымен, өзіндік символдық мәнге ие. Қазақ мәдениетінде оның мәні ең алдымен «бес қару», «ер қаруы — бес қару» ұғымы арқылы көрінеді. Бұл тіркес қазақ эпосында жиі ұшырасады. «Бес қару» лақтырмалы, кесетін, шабатын, түйрейтін және соғатын қару түрлеріне бөлінеді. Осыларды жетік меңгеру нағыз жігіттің, жауынгердің басты қасиеттерінің бірі болып саналған.

Осы тұрғыда «бес» саны күш пен бірігуді де білдіреді. Бұл мағына «бес бармақ жиналса, жұдырық болады» деген мақалдан анық байқалады. Сондай-ақ бұл сан адамның айрықша қабілетін де білдіруі мүмкін: «бес аспап адам» — сөзбе-сөз бес аспапты меңгерген адам, яғни қолынан іс келетін, өнерлі, дарынды жан.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.