Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Екi
«Екі» саны — жұптылықтың, дүниенің дуалдылығы мен бинарлылығының символы. Бұл мағына әйел – еркек, өмір – өлім, жақсылық – жамандық, оң – сол, күн – түн сияқты мәңгілік қарама-қарсылықтар арқылы көрінеді. Осындай оппозициялық құрылым әлемдік мәдениеттің тұтас символикалық бейнесіндегі қарама-қарсылықтардың бірлігін білдіреді: инь мен ян, жұмақ пен тозақ және тағы басқалар.
Көптеген түркі мифологиялық сюжеттерінде әлемнің Жоғарғы және Төменгі болып бөлінетіні айтылады. Жоғарғы әлем — ғарышпен байланысты, еркектік бастаумен сабақтас кеңістік. Ал Төменгі әлем — жер асты дүниесі, бейберекеттік пен қараңғылық мекені, әйелдік бастаумен байланыстырылған. Сонымен қатар қазақ мәдениетінде «екі» саны оқиғалардың, құбылыстардың және өмірдің қайтып келмейтінін, кері айналмайтынын білдіреді: «екі айналып келмейді».
Бинарлылық қазақ киіз үйінің құрылымынан да көрініс табады, өйткені ол оң жақ (әйелдер жағы) және сол жақ (ерлер жағы) болып бөлінеді. Осы қағидаға сәйкес бүкіл баспананың ішкі кеңістігі ұйымдастырылады. Бұл мәселе «Дәстүрлі тұрғын үйдің белгілері мен символдары» бөлімінде жан-жақты қарастырылады.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.