Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Жүз

Қазақ мәдениетінде «жүз» санының да маңызды мәні бар. Жақындық пен туыстықтың маңызын «Күйеу — жүз жылдық, құда — мың жылдық» деген тіркес айқын көрсетеді. Белгілі этнограф Ш.Ж. Тохтабаеваның пікірінше, бұл сөздің мағынасы күйеумен арадағы туыстық байланыстың уақыттық өлшемін білдіреді: күйеу жүз жылға дейін өмір сүруі мүмкін, ал құдандалы болған әулеттер мен олардың ұрпақтары жиырмасыншы атаға дейін араласып, бұл шамамен мың жылға теңестіріледі [9, 14-б.].

Бұл санның маңыздылығы қазақ халқының дәстүрлі түрде жүздерге бөлінуінен де көрінеді: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.