Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Жиырма бес

Қазақ мәдениетіндегі мәні зор сандардың бірі — 25 саны. Бұл санмен жастық шақтың қайратты, жалынды кезеңі туралы түсінік байланыстырылады, мұны халыққа кең тараған «Жиырма бес» әнінен де байқауға болады. Сонымен қатар мүшел жастың бірі 25 жасқа сәйкес келеді. Бұл сан ауқатты қазақ қызының жасауында да көрініс тапқан. Осы жөнінде Е.Н. Жанпейісов М. Әуезовке сілтеме жасай отырып, қалыңдық жасауының есебі жиырма беске негізделгенін атап өтеді: жасау Қоқан керуенінен жүз қойға сатып алынған жібек кілемнен басталған. Одан кейін жиырма бес сандық болған. Көйлек, іш киім, дастарқан, ыдыс-аяқ, жастық, көрпе — барлығы жиырма бес данадан берілген. Тіпті сүйекпен өрнектелген биік кереуеттің жібек матадан жасалған жабдықтары да осы санға сай дайындалған [2, 71–72-бб.]. Осыған сүйене отырып, 25 саны қазақ мәдениетінде толықтықты, белгілі бір аяқталғандықты, тұтастықты, сондай-ақ қандай да бір межеге жеткен сәтті білдіреді деуге болады.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.