Төсек жапқыш ХХ ғ.
ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қоры. XX ғасыр. Алматы облысы. Барқыт, мақта, жылтыр әшекейлер (блёстки), түрлі-түсті жіптер, тегіс кесте (гладь).»
Мұндай жапқыштар бай кестесімен және жарқын өрнектік безендірілуімен ерекшеленген. Жапқыш композициясы көлденең фриздік қағида негізінде құрылған. Бұйым беті екі негізгі бөлікке бөлінген. Жоғарғы бөлігі стильдендірілген гүлдерден, жапырақтардан және ұсақ сәндік элементтерден құралған қалың өрнекпен толтырылған. Бұл өрнектер бұйымның бүкіл ұзындығы бойымен үздіксіз дамып, ырғақты композиция қалыптастырады. Төменгі бөлігі толқынды фестон тәрізді сәндік жиек түрінде орындалған. Бұл композицияға әсерлілік пен тұтастық сипат береді. Әрбір фестон гүл өрнектерімен безендіріліп, сәндік айшықты күшейтіп, қайталанатын элементтердің жұмсақ ырғақтық қозғалысын қалыптастырады. Осындай композициялық құрылым бұйым бетінде өрнектің үздіксіздігі мен үйлесімді сәндік қозғалыс әсерін тудырады.Өсімдік тектес бай өрнектер, көптүсті колорит, барқыт матаның және жылтыр сәндік элементтердің қолданылуы халықтық кесте өнерінің дәстүрлерін айқын бейнелейтін жарқын көркем образ қалыптастырады.