Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Керме ХХ ғ. 80-жылдары

ХХ ғасырдың 80-жылдары. Маңғыстау облысы.Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі коллекциясы.

Керме — киіз үй ішінде сәндік әрі тұрмыстық мақсатта қолданылған, үй заттарын сақтауға арналған дәстүрлі қап. Бұл жәдігер түксіз тоқу техникасымен жасалған. Алдыңғы беті орталық өрісі мен жиектері нақты бөлінген кілемдік принциппен безендірілген.Орталық өрісі шаршы (ромб, шаршы) өрнегімен көмкерілген, оның ішіне өрмекші мотивтері салынған. Ромб тәріздес құрылым композицияны ретке келтіріп, оған тұрақтылық пен ырғақтық үйлесім береді. Дәстүрлі мағынада шаршы — жердің, құт-берекенің және реттелген кеңістіктің нышаны. Ал өрмекші мотиві тоқу, байланыс және тіршіліктің үздіксіздігі идеясымен астасады.Жиектері (бордюрлері) тіс және тұмарша өрнектерімен безендірілген. Тіс тәріздес ою символдар арқылы шекара түзе отырып, қорғаныш қызметін атқарады, ал тұмарша (бойтұмар) бұйымның киелі қорғаныш мәнін күшейте түседі.Тұтастай алғанда, керме — жай ғана зат сақтайтын қап емес, айқын қорғаныш символикасы бар көркемдік нысан болып табылады.