Үш түсті өрнегі бар тагара. XVIII–XIX ғасырлар. Күлтөбе қалашығы
XVIII–XIX ғғ. Күлтөбе қалашығы.Фото: Е.С. Казизова.
Сары жылтырмен қапталып, үш түсті өрнекпен безендірілген керамикалық таған XVIII–XIX ғасырларға жатады. Бұйымның диаметрі — 42 см, биіктігі — 15,1 см. Ол Күлтөбе қалашығындағы XVII–XVIII ғасырларға тән зікірхана ретінде түсіндірілетін нысандардың бірінен табылған. Бұл орын сопылық қауымның рухани-діни рәсімдерін өткізетін мекен болған.Пішінінің сәл дөрекілеу жасалуына қарамастан, ыдыс өзіндік көркемдік ерекшелігімен дараланады. Мөлдір лимон-сары жылтыр астындағы полихромды өрнек қанық бояуымен және қылқалам іздерінің экспрессивтілігімен назар аударады: ақпа дақтар, S-тәрізді белгілер, қысқа сызықтар, М-пішінді элементтер мен ирек өрнектер өзара үйлесіп, өзгеше композициялық құрылым түзеді.Түс бұл бұйымда тек сәндік қызмет атқарып қана қоймай, терең символикалық мағынаға да ие болған. Сары түстің басымдығы сопылық дүниетанымдағы «захир — батин» ұғымымен сабақтас болуы ықтимал. Бұл түс рухани жолдың екінші сатысы — тариқатпен байланыстырылып, күннің құдіретті нұры мен тылсым сәулесінің нышаны ретінде қабылданған.