«Суретшінің терісі», 1997
Рустам Хальфин • Арт-жоба. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі. «Галереялар шеруі
Рүстем Хальфиннің (1949–2008) «Суретшінің терісі» атты арт-жобасы, суретшінің өзі жоба авторы әрі кураторы ретінде жүзеге асырған, бірнеше суретшінің қатысуымен өткен көпқырлы ұжымдық көркемдік әрекет болды. Жобаның қорытынды кезеңі куратордың «Соңғы нүкте» атты перформансымен аяқталды. Перформансқа С. Сүлейменова мен А. Менлібаева (бақсылық би элементтері), сондай-ақ Ю. Сорокина мен Н. Мелехина (суретшіге арналған жаңа түрлі-түсті «теріні» тігу әрекеті) қатысты.Перформанс барысында суретші нысанаға орналастырылған жеті объектіге ұштарының ұшына бояу жағылған жебелерді садақпен атты. Әрбір объектінің бетінде кездейсоқ пайда болған бояу іздері жаңа көркем туынды ретінде қабылданды. Суретшілердің әрекеттері белгілі композитор Бақтияр Аманжоловтың арнайы жазылған музыкалық композициясымен сүйемелденді.Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы қазақстандық заманауи өнердің жаңашылы ретінде танылған Рүстем Хальфин бұл перформанста «әрекет кескіндемесі» (action painting), атап айтқанда дриппинг пен ташизм тәжірибесін көшпелі мәдениетке тән садақ ату дәстүрімен ұштастырды. Садақтан ұшқан жебенің қозғалысы нәтижесінде кенепте өздігінен қалыптасқан бояу іздері шығармашылық үдерістің негізгі элементіне айналып, көшпелі өркениеттің қуатты әрі дәл қаруының символдық мағынасымен сабақтастырылды.Суретші өз шығармашылық тұжырымдамасында «көшпенді» (номад) ұғымын жоғары ұтқырлықпен, сондай-ақ физикалық және мәдени шекараларды еңсеру қабілетімен байланыстырды. Андрей Ледневке берген сұхбатында ол өзінің көркемдік ұстанымын былайша түсіндіреді: «Суретшінің терісі» – картинаның жаңа метафорасы. Суретшінің терісі – бұл суретшінің тұлғасымен, оның дүниені тактильдік тұрғыдан қабылдауымен байланыстының бәрі» деп түсіндіреді.
Дереккөз: Art Discourse’97