Жүк аяқ
Тұғыр. Ағаш, сүйек, оймыштап кесу, инкрустация (бедерлеп қондыру). Орталық Қазақстан. • Тұғырдағы саба — сабааяқ.
Жүкаяқ – алдыңғы беті ою-өрнекпен әшекейленген, аяқтары бар ағаш тұғыр. Жүкаяқтың үстіне көрпе-жастықтар, арнайы қаптарға салынған үй мүліктері және сандықтар бірінің үстіне бірі (алдымен үлкені, сосын кішісі) жинақы етіп қойылған. «Жүк» сөзі жиналған мүліктің биіктігін, яғни «тау» іспетті жинауды білдіреді; үй ішіндегі жүктің молдығы отбасының дәулетті екенін айғақтаған. Жүкаяқтар (кейде бірнешеуі қатарластырылып) киіз үйдің ең сыйлы жері – «төрдің» артына орналастырылған. Жүкаяқтың бетіне ою салу, сүйекпен инкрустациялау немесе қаптау, сәндік бояумен өрнектеу әдістері қолданылып, күміс немесе металл жапсырмалармен толықтырылған. Композиция құруда игі тілек мағынасын беретін қошқар мүйіз, құс мұрын және т.б. элементтер пайдаланылған.