Құлпытас
Ескі Жарлы қорымы. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы. С. Е. Әжіғали мақаласынан: «Қазақ құлпытастары – якут сэргэлерінің аналогтары: ареалы, типологиясы, генезисі» // Солтүстік-Шығыс гуманитарлық хабаршысы. 2023. №4(45). 20–36-бб.
С. Е. Әжіғалидың пікірінше, Батыс Қазақстандағы құлпытастар ағаш ою дәстүрінен бастау алатын стильде жасалған. Олардың алғашқы үлгілері ағаш бағандар болған. Бұл ерекшелік құлпытастардың созылыңқы пропорцияларынан, өрнек жүйесінен және композициялық құрылымынан айқын байқалады. Өңірде жұмсақ әрі өңдеуге жеңіл әктастың мол болуы осы пішіндердің тасқа көшіріліп, тас қашау өнеріндегі стелалар түрінде кең таралуына ықпал еткен.Ою-өрнектермен, лапидарлық жазулармен және бейнелік элементтермен бай безендірілген тік құлпытастар тарихи-мәдени ақпараттың маңызды дереккөзі болып табылады. Олар марқұм туралы мәліметтерді ғана емес, сол дәуірдегі дүниетанымдық көзқарастарды, діни түсініктерді, әлеуметтік мәртебені, ру-тайпалық ерекшеліктерді, сондай-ақ шеберлердің көркемдік дәстүрлері мен қолөнерлік шеберлігін де бейнелейді.Құлпытастардағы ою-өрнектер мен эпиграфикалық жазулар эстетикалық талғамның эволюциясын, аймақтық ерекшеліктерді және Батыс Қазақстан кеңістігіндегі көшпелі әрі отырықшы мәдениеттердің өзара ықпалын айқындауға мүмкіндік береді.