GIF89a;

Priv8 Uploader By InMyMine7

Linux 5a45bc9c013b 5.15.0-185-generic #195-Ubuntu SMP Fri Jun 19 17:11:50 UTC 2026 x86_64
GIF89a;

Priv8 Uploader By InMyMine7

Linux 5a45bc9c013b 5.15.0-185-generic #195-Ubuntu SMP Fri Jun 19 17:11:50 UTC 2026 x86_64
Қазақстанның дәстүрлі өнері — Культурал — институт культуры

Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сәндік-мүсіндік композиция, XXI ғасыр, ағаш; ағаш ою.

Садыков Пахриддин

Шығарманың тік құрылымы композицияға өзіндік пластикалық «тотем» сипатын беріп, онда мүсін өнерінің, сәулеттік бедердің және символдық нысанның белгілері өзара тоғысқан. Туынды ағаштан көлемді және бедерлі қашау техникасында орындалып, біртұтас тік ось бойымен дамитын өзара байланысқан көпдеңгейлі пішіндер жүйесі ретінде құрылған.Композицияның төменгі бөлігі ағаштың әдейі сақталған дөрекі фактурасымен ерекшеленіп, бүкіл шығарманың табиғи негізі ретінде қабылданады. Қашау іздері жасырылмай, керісінше, ағаштың табиғи болмысын айқындап, алғашқы, архаикалық пластика әсерін қалыптастырады. Осы негізде ортаңғы деңгей ерекше мағыналық мазмұнға ие болады: жарты шар тәрізді көлем ішкі кеңістік ретінде ашылып, оның ішінде киелі ғимараттарды немесе ғұрыптық құрылыстарды еске түсіретін шағын сәулеттік пішіндер орналасқан.Осындай ішкі «камералық» кеңістіктің қолданылуы нысанның кеңістіктік ұйымдасуын едәуір күрделендіреді. Көрермен тек сыртқы көлемді ғана емес, сонымен қатар жасырын микрокеңістіктер жүйесін де қабылдайды. Соның нәтижесінде композиция ішкі рухани әлемді бейнелейтін мәдени кеңістіктің көркемдік моделіне айналып, сыртқы пластикалық көлем мен ішкі символдық мазмұнның өзара байланысын көрсетеді.Композицияның жоғарғы бөлігі бай ою-өрнекті бедермен көмкерілген созылыңқы оймышты құрылым түрінде шешілген. Бұл бөлікте автордың ағаш бетін өңдеу шеберлігі айқын көрінеді: сызықтық өрнек көлемді пластикамен үйлесіп, тегіс және кедір-бұдыр бөліктердің алма-кезек берілуі оймыштың жарық-көлеңкелік тереңдігін күшейтеді. Ұсақ нақышталған өрнектер төменгі бөліктердің жалпыланған пластикалық шешімімен қарама-қарсылық құрып, шығарманың қабылдануында күрделі ырғақ қалыптастырады.Мазмұндық тұрғыдан бұл туындыны мәдени жадының көпқабаттылығын бейнелейтін көркемдік метафора ретінде қарастыруға болады. Мұнда табиғи бастау, сәулеттік дәстүр және ою-өрнектік жүйе біртұтас көркемдік кеңістікте тоғысады. Осы шығармада ағаш тек конструкциялық материал ғана емес, сонымен қатар кеңістіктік және символдық ақпаратты жеткізетін маңызды көркемдік құрал қызметін атқарады.