Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

«Қаңбақ» («Перекати-поле»). 2008 ж. Киіз, киіз басу

Оралбаева Замзегуль

Таписсерия дымқыл киіз басу және арт-протис (ине арқылы тесу техникасы) әдістерін үйлестіре отырып орындалған.Шығарма дөңгелек пішінде жасалып, жиегі жануар терісінің табиғи жиегін еске түсіретіндей әдейі тегіс емес етіп өңделген.Ашық композицияның көркемдік өзегін орталықтан шетке қарай динамикалық кернеу мен ырғақты қозғалыс тудыратын шеңберлі концентрлі пішіндер құрайды. Солардың бірінде ашық түсті бедерлер арқылы керуеннің қозғалысы мен шабысқа ұмтылған тұлпарлар бейнеленген. Келесі шеңберде шаңырақ және оның үстінде қалықтаған құстар тобы орналасқан.Боялмаған жүннің табиғи түс гаммасы дала фаунасының айқын танылатын бейнелерін ерекшелей түсетін қосымша сәндік акцент қызметін атқарады.Таписсерияның семантикасы далалық ғалам моделін жаңғыртады. Оның сакралды орталығы – шаңырақ, ол адам мен ғарыштың байланысын бейнелейді. Одан ырғақты түрде таралған шеңберлер Табиғат пен Ғарыштың ырғақтарын, сондай-ақ уақыттың циклдік сипатын білдіреді.

Сурет: С. Сураганов