«Билік жүзігі», күміс, көгілдір ақық (бирюза), ақық (сердолик); түйіршіктеу (зернь), сымкәптеу (скань), топсалы жалғау. Дереккөз: автордың Instagram парақшасы — @ikram_zerger.
Рафиков Икрам
Трансформацияланатын көпкомпонентті жүзік жеке бөліктердің еркін қозғалуын қамтамасыз ететін топсалы байланыстар жүйесіне негізделген. Құрылымы саусақтың едәуір бөлігін қамтып, көлемі мен пластикалық шешімі жағынан дәстүрлі жүзіктен гөрі дербес көркемдік нысан ретіндегі сақинаға жақындайды.Композиция симметрия қағидасы бойынша ұйымдастырылып, ою-өрнекпен мұқият безендірілген элементтермен қоршалған ірі орталық тасқа шоғырланған. Бүйір бөліктері көгілдір ақық (бирюза) қондырмаларымен және қосымша сәндік модульдермен толықтырылған тармақталған құрылым түрінде дамиды. Бұйымның беті нәзік скань және түйіршіктеу (зернь) техникаларымен бай өңделген. Бұл тәсілдер күрделі ою-өрнектік тор құрып, жүзіктің пластикалық мәнерлілігін күшейтеді.Әшекейдің көркемдік-бейнелік жүйесі билік, әлеуметтік мәртебе және жүзіктің белгілі бір мәдени немесе қоғамдық ортаға тиесілікті білдіретін рәміз ретіндегі маңызымен байланысты. Қазақтың дәстүрлі зергерлік мәдениетінде ақық (сердолик) пен көгілдір ақық (бирюза) қорғаныштық және өмірлік қуат беретін қасиеттерге ие тастар ретінде бағаланады. Композицияның орталық бөлігі күш-қуаттың шоғырлануын бейнелейтін белгі ретінде қабылданса, симметрия ішкі үйлесім мен тепе-теңдік идеясын айқындайды.Шығарманың басты ерекшелігі – дәстүрлі зергерлік техникалардың инновациялық конструкциялық шешіммен үйлесім табуында. Топсалы механизм бұйымды статикалық әшекейден қозғалысқа ие пластикалық жүйеге айналдырып, оны заманауи contemporary jewelry бағытының қағидаларымен жақындастырады. Соның нәтижесінде жүзік этномәдени символиканы, инженерлік конструкцияны және заманауи авторлық дизайнды тоғыстырған бірегей көркемдік туынды ретінде қабылданады.