Коржын үй
Түркістан облысы
Қоржын үй — қазақтардың дәстүрлі отырықшы тұрғын үйлерінің өзіндік ерекшелігі бар түрлерінің бірі. Құрылымдық жағынан бұл баспана екі бөлікті композициядан тұрады: олар тұрғын бөлме мен қонақ қабылдайтын бөлме араларын жалғастырып тұрған дәліз арқылы байланысқан. Дәліз сонымен қатар ас үй қызметін де атқарған.Үйдің ішкі кеңістігі функционалдық жүйеге сай ұйымдастырылған. Жатақ үй мен қонақ үй аралық кеңістік арқылы байланысып, тұрғындардың қозғалысы мен қарым-қатынасына арналған өзіндік ішкі ось қалыптастырған.Үйдің есігі мен терезелері күн түсетін жаққа қаратылып салынған. Ал жылыту жүйесінде ошақтың дәліз бөлігіне шығарылуы ішкі микроклиматты тиімді реттеуге бағытталған ұтымды шешім болғанын көрсетеді.«Қоржын үй» атауының шығу төркіні қазақтың дәстүрлі қос қапты қоржын бұйымымен байланысты. Қоржынның екі бөліктен тұратын құрылымы бұл тұрғын үйдің кеңістік-жоспарлық жүйесінен көрініс тапқан.