Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Ағаш шелек

Ақтөбе облысы.

Е.А. Масанов өзінің зерттеуінде ыдыс-аяқ сақтауға арналған, тұрмыстық бұйым ретінде пайдаланылған ағаш шелектің қызықты үлгісін келтіреді (Масанов, 47-б.). Іші ойылып жасалған ағаш шелектің сыртқы дөңгелек беті тегіс бедерлі оюмен әшекейленген. Өрнектің құрылымы кілем тоқу өнеріндегі орталық алаңды, жоғарғы және төменгі жиектерді (бордюр) қамтитын орталықтанған жүйені еске түсіреді.Жоғарғы жиекте қаз мойын элементтері мен жапырақ тәрізді тармақтардан тұратын өрнек мотивтері сақталған. Өрнек арасындағы бос кеңістіктер параллель сызықтармен гравюраланған жартылай жапырақ пішінді бейнелермен толтырылған.Декордың орталық бөлігі бірінің үстіне бірі орналасқан екі тік пальметтадан тұрады. Олардың ішіне гравюралық сызықтармен айшықталған үш жапырақ оюлары салынған. Орталық мотивтің екі жағында тігінен орналасқан гравюраланған ромбтар — шаршы қатарлары бар.Төменгі жиектің өрнегі анық көрінбейді, бірақ ол жоғарғы жиектің қайталануы болуы мүмкін. Мұндай шелекте қымызға немесе басқа да сүт сусындарына арналған кеселер немесе аяқтар сақталған болуы ықтимал.