Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Мес

Жеке коллекциядан

МесКөшпелі қазақ тұрмысында кеңінен қолданылған ыдыстардың бірі — мес. Ол тұтас ешкі терісінен жасалатын үлкен тері ыдыс болып, қымыз, шұбат, айран секілді сұйық тағамдарды сақтауға әрі тасымалдауға арналған. Мес жасау барысында ешкі терісі мұқият өңделіп, арнайы әдістермен иленген. Теріні тал қабығынан алынған табиғи бояумен бояп, кейін ыстау тәсілі арқылы өңдеген. Мұндай өңдеу меске ерекше беріктік беріп, оның ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік жасаған. Пішінінің қолайлылығы мен төзімділігі арқасында мес көшпелі өмірде жол жүруге өте ыңғайлы ыдыс саналған. Ол ат үстінде алып жүруге, ұзақ сапарларда пайдалануға бейімделген. Қазақтың ұлттық мәдениетінде мес тек тұрмыстық бұйым ғана емес, сонымен қатар молшылықтың, тоқшылықтың және бүтіндіктің символы ретінде қабылданған.