«Құрылтай», 2023 ж
Абылхай Асель
Шығарма мандала тәрізді композиция қағидатына негізделген. Оның орталығында бай өрнектелген шеңбер орналасқан. Бұл бейнені дәстүрлі қазақ дүниетанымындағы әлемнің әмбебап орталығын білдіретін ортақ дастарқанның символы ретінде түсіндіруге болады. Орталық элемент композицияның семантикалық өзегі қызметін атқарып, оның айналасына шеңбер бойымен орналасқан бейнелер ұжымдық бірлік пен үйлесімнің көркемдік моделін қалыптастырады.Композицияның шеңберлі құрылымы көшпелі халықтардың дәстүрлі қоғамдық жиыны – құрылтай идеясымен тікелей сабақтасады. Құрылтайда әрбір қатысушының пікірі мен орны тең саналған. Сондықтан көріністің көркемдік ұйымдастырылуы диалогтың, келісімнің және ортақ шешім қабылдаудың метафорасына айналып, дала демократиясының негізгі қағидаларын бейнелейді.Шығарманың мағыналық кеңістігін қалыптастыруда колористік шешім ерекше рөл атқарады. Терракоталық және сарғыш қоңыр реңктер жерді, дәстүрлі тұрмысты және өмірдің материалдық негізін меңзейді. Ал алтын түстес акценттер композицияның орталық шеңберінің сакралды сипатын айқындап, оны тіршілік қуаты мен әлемдік тәртіптің бастауы саналатын Күн бейнесімен байланыстырады. Композицияға енгізілген көгілдір түс ашық аспанды, бейбітшілікті және рухани тазалықты білдіріп, жер және аспан бастаулар арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті қалыптастырады.
Сурет: Ж. Н., Шайгозова