Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

«Үш жүз». Мұхамеджан З. «Қазақтың кесте өнері» кітабынан. – Алматы: Алматы кітап, 2008.

Мухамеджан Зейнельхан

«Үш жүз» туындысы біз кесте техникасында орындалған және қазақтың үш жүзі бірлігінің символдық интерпретациясын бейнелейді. Композиция өзара байланысқан үш негізгі элементке негізделіп, рулық бірлестіктердің тарихи және мәдени сабақтастығы идеясын көркем түрде көрсетеді.Шеңбер және спираль тәрізді пішіндер уақыттың циклділігін, ұрпақтар сабақтастығын білдірсе, шаңырақты еске салатын орталық мотив ортақ шаңырақтың және ұжымдық бірегейліктің белгісі ретінде көрінеді. Ою-өрнек жүйесі бірлік, қорғаныш және тарихи жады туралы идеяларды жеткізетін этномәдени код қызметін атқарады.Біз кестесі техникасы композицияның графикалық әсерлілігін күшейтеді. Бедерлі сызықтар сакралды таңбаны немесе көне жазуды еске түсіретін көркемдік әсер қалыптастырады. Ашық түсті пішіндер мен қанық қошқыл қызыл фонның контрастылығы шығармаға монументалдық сипат беріп, оның символдық мазмұнын айқындай түседі.