Самауыргүл өрнекті кілем ХХ ғ.
ХХ ғасырдың екінші жартысы. Қызылорда облысы. Жүн жіп, түкті тоқу әдісі. КП 27002. (Каталог, 91).
Ұсынылған кілем төрт ірі «самауыргүл» розеткасымен өрнектелген. Олар көлденең композицияға біріктіріліп, әрқайсысы шамамен бірдей орынды алып тұр. М.С. Мұқановтың (Мұқанов, 1979) пікірінше, бұл өрнектің сыртқы пішіні мен визуалды қабылдануына байланысты шеберлер оны дәстүрлі «самауыр» және «гүл» сөздерінен біріктіріп атаған. Алайда соңғы далалық зерттеулердің нәтижесінде Қызылорда өңірінің шеберлері бұл розетканы дәстүрлі түрде «көкмойын» деп атайтыны анықталды. Бұл атаудың этимологиясы әзірге белгісіз.Бұл розеткаларды көмкеріп тұрған ирек (меандр) фигуралар андронов дәуіріне тән бірқатар керамикалық ыдыстарда кездесетінін сеніммен айтуға болады.