Тұскиіз, ХХ ғ.
ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қоры. XX ғасыр. 97-тк. Шығыс Қазақстан. шұға, драп, мақта, жібек жіптер, тамбур тігісі.
Бұл – бірегей тұскиіз үлгілерінің бірі. Бұйым композициясы тік оське қатысты қатаң симметрия қағидасы негізінде құрылған. Композицияның жоғарғы орталық бөлігінде ірі дөңгелек медальон орналасқан. Оның ішкі бөлігінде гүл тәрізді, розетканы еске түсіретін өрнек бейнеленген. Медальон ирек және шиыршық тәрізді элементтермен көмкерілген сәндік шеңбермен қоршалған.Орталық композицияның екі қапталында жоғары қарай созылған, «өмір ағашын» еске түсіретін тік өрнектер орналасқан. Олар ырғақты ою жүйесін қалыптастырып, жоғары өрлеу қозғалысының әсерін береді. Сыртқы жиегі өрнекті бордюрмен көмкеріліп, бүкіл композицияны біртұтас көркемдік жүйеге біріктіреді.Ою-өрнек бұйымның бүкіл бетін тығыз қамтып орналасқан. Негізгі түстік фон ретінде қанық қызыл түс басым қолданылған. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында қызыл түс өміршеңдік пен қуаттың, береке мен молшылықтың нышаны болып саналады. Түстердің контрастық үйлесімі сәндік әсерді күшейтіп, өрнектің көркемдік айқындылығын арттыра түседі.