Ортеке
Маржан Әбіш
Ортеке — тұтас ағаштан ойып жасалған таутеке мүсінінің мәнерлі пластикасын, домбыра музыкасының сезімге толы әуенін және қозғалмалы басы мен аяқтары бар қуыршақ-марионетканы басқару шеберлігін бір арнаға тоғыстырған ежелгі синтетикалық өнер. Таутеке мүсіні арнайы тұғырға бекітіліп, қармақ жібі немесе мықты жіп арқылы домбырашының саусағына жалғанады. Күйші домбырада ойнаған кезде, билеген қуыршақ музыканың ырғағымен қозғалып, әзіл-қалжыңға толы пьесаның ерекше көңіл-күйін қалыптастырады. Ортеке дәстүрлі өнері бүгінгі күнде де өз жалғасын табуда. Алматы қаласында жыл сайын халықаралық фестивальдер өткізіліп тұрады.