Екі түсті өрнегі бар тостаған. XVIII–XIX ғасырлар. Күлтөбе қалашығы
XVIII–XIX ғғ. Күлтөбе қалашығы.Фото: Е.С. Казизова.
Бұйымның ішкі бетінде қызыл-қоңыр және жасыл түстермен орындалған ұсақ гүл тәрізді «жұлдызшалардан» құралған тұрақты сәндік өрнек бейнеленген. Бұл өрнек түрі «басма» терминімен аталады. Зерттеушілердің пікірінше, көптеген басқа ою-өрнек мотивтерінен ерекшелігі — аталған элемент Орталық Азия керамикасында этнографиялық кезеңге дейін өзінің кең қолданысын сақтап келген.Мұндай түстік шешім сол дәуір шеберлеріне тән сәндік тәсілдердің бірі болған және Орталық Азия халықтарының түс символикасына қатысты дәстүрлі дүниетанымымен байланыстырылады. Атап айтқанда, сары түсті ыдыстар «таза емес» әрі көз тиюге бейім деп қабылданса, жасыл түс, керісінше, тазалық пен қорғаныштық қасиеттің нышаны ретінде танылған.Сонымен қатар, қарастырылып отырған тостаған өзінің ою-өрнектік шешімі жағынан өңір керамикасына тән канондық стильден едәуір ерекшеленеді.