Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Ыдыс сынығы. Қаялық қалашығы

Орталық Азия мен Әзербайжанның көркем мәдениеті. II том. Шыны. — Самарқанд–Ташкент: ОАХЫО (МИЦАИ), 2011.

Біздің алдымызда түрлі түсті эмальмен өрнектеліп, алтын жалату тәсілі қолданылған күрделі техникада жасалған кубок пішінді ыдыстың фрагменттері тұр.Декор композициясы регистрлік қағида бойынша құрылған. Орталық бөлігінде көлденең орналасқан кең белдеу айқын көрінеді. Онда араб жазуының бір түрімен орындалған каллиграфиялық жазу бейнеленген. Мұндай эпиграфикалық фриздер дәстүрлі түрде «бақыт», «береке», «ұзақ ғұмыр» секілді ізгі тілектерді немесе бұйым иесі мен қамқоршысын мадақтайтын мәтіндерді қамтыған. Жазу тек мағыналық мазмұн беріп қана қоймай, бүкіл композицияның ырғақтық құрылымын қалыптастыратын маңызды сәндік элемент қызметін де атқарады.Қанық көкшіл-лазурит түсті фон алтынмен орындалған жазулар үшін айқын контрастық негіз болып табылады. Төменгі фрагментте арабеска түріндегі нәзік өрнек байқалады. Ол сабақтар мен стильдендірілген жапырақтардың күрделі астасуынан құралған әсем декоративтік композицияны білдіреді.