Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Ромб тәрізді ою-өрнекті кілем ХХ ғ.

ХХ ғасырдың ортасы. Қызылорда облысы. Жүн жіп, түкті тоқу әдісі. КПД 129. (Каталог, 101).

Кілемнің орталық алаңында негізгі ось бойымен орналасқан үш ірі ромб тәріздес медальон бар, олардың әрқайсысы күрделі геометриялық және өсімдік тектес өрнектермен толтырылған. Медальондардың ішіне халықтық дәстүрде өсу мен дамудың нышаны болып табылатын «өркен» өрнегі салынған. Бұл өрнек көбіне «өмір ағашымен» байланыстырылып, гүлдену мен береке-молшылықты бейнелейді.Кілемнің фоны ашық қызыл түспен орындалған, бұл дәстүрлі танымда күш-қуатты, энергияны және қорғанышты білдіреді. Ою-өрнектер негізінен қара түспен салынып, арасында жасыл және сұрғылт түстердің кездесуі өзара қарама-қайшылық (контраст) тудырып, өрнектердің егжей-тегжейін айшықтай түседі.