Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Тостаған. XVIII–XIX ғасырлар. Күлтөбе қалашығы

Тостаған. XVIII–XIX ғғ. Күлтөбе қалашығы.

Бұл сары түсті тостағанның көркемдік ерекшелігі — оның безендірілу тәсілінің өзгешелігінде болып саналады.. Ыдыстың ішкі беті көптүсті ақпа өрнектермен көмкеріліп, орталыққа қарай үздіксіз қозғалыс әсерін тудырады. Мұндай техника Самарқан керамикасына тән болған, күйдіру алдында шеберлер әртүрлі түсті бояуларды бетіне шашырата жағып, олардың дақ, ирек және ақпа іздер түрінде еркін таралуына мүмкіндік берген.Дәстүрлі түсінік бойынша, ыдыс-аяқ «көз тию» әсеріне ұшырауы мүмкін деп есептелген. Осыған байланысты қорғаныштық мәні бар сәндік тәсілдер қалыптасқан. Мұндай ақпа өрнекті бұйымдар «авр» («бұлт») деп аталып, «чашм намегира», яғни «көз өтпейтін» ыдыс ретінде қабылданған. Күлтөбе қалашығынан табылған осы тостағанның жасыл және қызыл-қоңыр бояулардан құралған ағынды өрнегі де дәл осындай магиялық-қорғаныштық қызмет атқарған болуы ықтимал.Бұйым XVIII–XIX ғасырларға жатады. Диаметрі — 46,1 см, биіктігі — 16,1 см.