Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Белдемше ХХ ғ.

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Белдемше — қазақтың дәстүрлі әйелдер киімінің маңызды бөлігі болып табылатын ашық етекті белдемше. Бұйым қара түсті барқыт матадан тігілген, бұл киімге салтанатты әрі айқын көрініс береді. Белдемшенің пішімі сәл кеңейе түсетін үлгіде жасалған; жоғарғы бөлігі кең әрі тығыз белдікке жиылып, белде жақсы бекітіліп, жұмсақ қатпарлар түзейді.Бельдемшенің алдыңғы бөлігі ашық болып келіп, бай кестелі өрнекпен әшекейленген. Негізгі өрнектік композиция орталық тік жолақтарда және етек бөлігінде шоғырланған. Кесте түрлі-түсті жібек жіптермен тамбур тігісі техникасында орындалып, жұмсақ контурлық сызықтар мен өрнектің бедерлі, айқын көрінісін қалыптастырады.Өрнек өсімдік тектес сипатқа ие және стильдендірілген өсімдік сабақтары, гүлдер, жапырақтар мен иірімдерден тұрады. Бұл элементтер бұйымның орталық сызығы төңірегінде симметриялы композиция құрайды. Өрнек мотивтерінің ырғақты қайталануы сәндік безендіруге тұтастық пен үйлесім береді.Түстік шешім қара барқыт фоны мен кестедегі қызыл, сары және ашық реңктердің контрастына негізделген.