Жастықағаш
Жастықағаш – ағаштан жасалған жастық қойғыш (бас жастық). Оның үшбұрышты бүйірлері мен тік қабырғасы ою-өрнекпен, бояумен және жонылған бағанашалармен (балясина) безендірілген. Мәтінде келтірілген жастықағаш үлгісіндегі өзара өрілген бұтақтар мен гүл ою розеткаларынан тұратын екі жақты өсімдік мотиві ерекше қызығушылық тудырады.