Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Беспақыр мазары

XX ғасырдың басы. Ақмола облысы

Шикі кірпіштен тұрғызылған кесенелер Қазақстанның дәстүрлі сәулет өнерінде ерекше орын алады және жерлеу-ғұрыптық құрылыстардың маңызды қабатын құрайды. Олардың негізгі құрылыс материалы ретінде шикі кірпіш — саман пайдаланылған. Бұл жергілікті материалдың қолжетімділігімен әрі оның дала өңірінің табиғи-климаттық жағдайларына бейімделуімен байланысты.Мұндай кесенелер табиғи ландшафтпен үйлесімді астасып, жергілікті құрылыс ресурстарын ұтымды пайдаланудың үлгісін көрсетеді. Құрылыс өнері тұрғысынан алғанда, киіз үйге ұқсас және конус тәрізді кесенелер ерекше қызығушылық тудырады. Олардың типологиялық негіздері исламға дейінгі сәулет дәстүрлерімен сабақтасып жатыр.Көптеген мазарлар шатырлы-күмбезді құрылымымен ерекшеленеді. Бұл пішін көркемдік әрі символдық тұрғыдан киіз үйді еске түсіреді. Мұндай ұқсастық көшпелі дүниетанымның сакралды сәулет өнеріндегі жалғастығын айқын көрсетеді.