Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Қақпақ тұтқасы. XI–XII ғасырлар. Отырар

Жапсырма, ою, қалыптау әдісі. XI–XII ғғ. Отырар қалашығы.

Бұл бұйым — Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық керамикасына тән ерекше элементтердің бірі, яғни қақпақтың тұтқасы (төбешігі) болып табылады. Ол стильдендірілген әтеш басы түрінде жасалған. Мұндай зооморфтық пішіндегі аяқтаулар XI–XII ғасырлардағы Қараханидтер дәуірінің гүлденген қалалық мәдениетіне жататын Отырар керамикалық кешенінде кең таралған.Әтеш бейнесі жинақталған әрі шартты стильде берілген. Мұндай бұйымдарға силуэттің айқын мәнерлілігі, анатомиялық белгілердің жалпыланып көрсетілуі және жалпы композицияға бағындырылған сәндік сипатқа тән.Дәстүрлі мәдениетте әтеш көбіне күн символикасымен, сергектікпен және қорғаныштық қызметпен байланыстырылған. Сондықтан мұндай сәндік бейненің апотропейлік, яғни жамандықтан сақтайтын магиялық-қорғаныштық мәні болған деп пайымдауға болады.