«Дала қызы». Киіз. 2015 ж
Айткалиев Ками
«Дала қызы» панносы Ками Айтқалиевтің неокөшпенді өнерінің жарқын үлгісі болып табылады. Бұл шығармада қазақтың дәстүрлі өнеріне тән пішіндер заманауи көркемдік тұрғыдан жаңаша интерпретацияланған. Суретші күрделі пластикалық синтезге қол жеткізіп, дәстүрлі киіздің материалдық әрі символдық жадысын сақтай отырып, оған модернизм мен contemporary art өнеріне тән жаңа көркемдік-экспрессивтік мүмкіндіктер дарытқан.Шебер классикалық жазық композиция шеңберінен шығып, өзіндік көлемді тоқыма әсерін қалыптастырады.Композицияның орталық бейнесі – қос өркешті түйеге мінген жас әйел. Бұл образ дала еркіндігін, күш-қуатты және ішкі рухани асқақтықты бейнелейді.Композицияның ырғақтық құрылымын жанында жүйткіп келе жатқан тазы бейнесі толықтыра түседі.Панно композициясы центрлік қағидатқа негізделгенімен, пішіндер мен сызықтардың белсенді пластикасының арқасында статикалық әсерден арылған.Бұл панно дәстүрлі киіз өнерін жаңаша пайымдаудың жарқын үлгісі болып табылады. Шығарма оның мәдени бірегейлігін сақтай отырып, қазіргі көркемдік ізденістердің жаңа мүмкіндіктерін айқын көрсетеді.
Дереккөз: https://businessfm.kz