Дастархан
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры
Дастарқан — аласа аяқты және үстел бетінің жиектері сәл көтеріңкі келген бұл жиһаз түрі қазіргі Қазақстан аумағын ерте замандарда мекен еткен сақ, үйсін, ғұн және көне түркі тайпаларына жақсы таныс болған. «Дастарқан» сөзі иран тіліндегі «достур» — дастарқан (жайма) және «хан» — ас, тамақ деген мағынаны беретін сөздерден шыққан (Н.Ж. Шаханова). Қазіргі зерттеушілер бұл көпмағыналы ұғымды әртүрлі қырынан түсіндіреді: бұл тек үстел ғана емес, сонымен қатар үстелге жайылатын жайма және адамның қоршаған ортаға, дүниеге деген көзқарасының көрінісі. Әдетте, биіктігі 30–35 см болатын төртбұрышты немесе дөңгелек үстелдердің үстіне кестеленген сәнді жаймалар жабылған. Дегенмен, үстелдің беті жиі жағдайда ою-өрнекпен де әрленетін. Мысалы, Е.А. Клодт ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Қарағанды облысына жасаған экспедициясы кезінде дөңгелек үстел бетіне салынған қанық түсті гүл ою өрнегін қағазға түсіріп алған. Дастарқанның үстіңгі беті (тақтайы) жиналмалы болып келеді және ұжымдық ас ішу рәсімінен кейін олар бөлек-бөлек сақталған. Дастарқанның отбасы өміріндегі маңыздылығы оның киіз үйдегі орнымен айқындалады: үстел үйдің киелі орталығында, ошаққа жақын жерде орналасып, отбасының берекесі мен дәулетінің нышаны болып саналған.