Алматыдағы Almaty Museum of Arts. Ашық дереккөздерден.
Almaty Museum of Arts (2025, сәулетшісі Chapman Taylor) – Орталық Азиядағы ең ірі жеке заманауи өнер музейі. Оның сәулеттік тұжырымдамасы екі түрлі көлемнің қарама-қарсылығына негізделген, Тянь-Шань тауларының бейнесіне меңзейтін ашық түсті әктас пен қаланың заманауи урбанистік келбетін бейнелейтін алюминийден жасалған металл блок. Осылайша табиғат пен мегаполис арасындағы көркем сұхбат қалыптасады. Ғимараттың негізгі кеңістігі – Art Street атриумы, ол «шатқал» ретінде интерпретацияланған. Мұнда ішкі галереялар, террасалар мен қоғамдық аймақтар кеңістіктің үздіксіз жалғасуын қамтамасыз етіп, музейді тек көрме ғимараты ғана емес, ашық қарым-қатынас пен мәдени өзара әрекеттесу ортасына айналдырады.Семиотикалық тұрғыдан музей Қазақстанның ашықтыққа, жаһандық интеграцияға және заманауи өнерді дамытуға бағытталған жаңа мәдени саясатының белгісі ретінде көрінеді. Сонымен қатар ол сәулет тілі арқылы ұлттық бірегейлікті жаңаша пайымдау идеясын бейнелейді.Иконографиялық тұрғыдан ғимарат орнықтылық пен табиғи жадтың символы ретіндегі тау бейнесіне, қозғалыс пен мәдени диалог кеңістігін білдіретін шатқал образына, сондай-ақ ашықтықтың, қолжетімділіктің және коммуникацияның нышандары болып табылатын жарық пен шыныға сүйенеді.Жалпы алғанда, Almaty Museum of Arts ұлттық бейне материалдардың ерекшелігі, ландшафттық ассоциациялар және кеңістіктік ұйымдастыру арқылы қалыптасатын заманауи контекстуалды сәулеттің көрнекті үлгісі болып табылады.