Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

«Шимай»

Шимай — әлемнің көптеген өңірлеріндегі петроглифтер мен көне керамикада кездесетін ең ежелгі белгілердің бірі. Ол Тынық мұхиты алабы елдерінде, Алдыңғы Азияда, Еуропада және басқа да аймақтарда кең таралған. Бұл әмбебап таңба бай символикалық мәнге ие. Қазақстан аумағындағы артефактілерде шимай андрон мәдениеті дәуірінен белгілі болып, ерте қола кезеңінің керамикалық кешендерінде жиі ұшырасады және кейінгі дәуірлерде де жалғасын тапқан. Ол көшпелілер өнерінде де айқын көрініс беріп, өмірді оның бұрылыстарымен, құлдырау және өрлеу кезеңдерімен қоса бейнелейді.

Математика тілінде шимайдың бірнеше негізгі түрі бар: Архимед шимайы, логарифмдік шимай, клотоида және әртүрлі диаметрлі жарты шеңбер доғаларын жалғау арқылы түзілетін шимай. Құрылымы жағынан Архимед және логарифмдік шимай әйгілі қазақтың «қошқар мүйіз» өрнегіне жақын келеді. Қазақ мәдениетінде шимай қозғалыс пен дамумен, мәңгілікпен байланыстырылып, өмірдің графикалық метафорасы ретінде қабылданады. Күн қозғалысы бағытымен айналатын да, оған қарама-қарсы айналатын да шимай түрлері кездеседі. Бұл, ықтимал, тірілер әлемі мен өлілер әлемін ажырату түсінігімен байланысты болса керек. Жалпы алғанда, шимай бейнелі түрде өмірдің дамуын білдіреді.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.