Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

«Қармақ»

Қазақ мәдениетінде бұл өрнек көбінесе түкті кілем композицияларында дербес элемент ретінде де, белгілі бір сюжеттік композицияның құрамдас бөлігі ретінде де қолданылады. Өрнекке атау берген заттың өзі — қармақ, ілмек — әлемдік мәдениетте бай символикаға ие. Оның мағынасы екіжақты болуы мүмкін: тарту, ұстау. Кей жағдайда ол тағдырды, кейде бұлжымас қажеттілікті білдіреді. Грек-рим дәстүрінде ілмек Дионис пен Приаптың атрибуты, ал мысыр дәстүрінде биліктің нышаны ретінде танылған.

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінде бұл өрнек, сірә, бақ-берекені, ырыс пен бақытты «қармап алу» идеясын білдіретін нышан ретінде қабылданған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.