Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Тұмар

Түркі халықтарындағы металдан жасалған тұмарлардың пішіні алуан түрлі болып келеді: цилиндр тәрізді, үшбұрышты және тік төртбұрышты. Мұндай тұмарларды балалар мен жас қыздар кеудесіне тағып жүрген. Олар жын-шайтаннан, жаман күштерден қорғайтын ең қуатты бұйымдардың бірі деп есептелген. Ислам діні енгеннен кейін олардың бетіне Құран аяттары жазыла бастаған. Тұмардың ішіне халықтық түсінік бойынша қорғаныштық қасиетін күшейтетін «киелі шөптер», тұз және басқа да заттар салынған. Ең кең таралған түрі — ұшы жоғары қараған үшбұрышты тұмар. Ол Ғалам тауының нышаны ретінде қабылданған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.