Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Білезік

Білезіктерге де магиялық қасиет телінген. Түркі мәдениетінде олардың символикасы көпқырлы. Мысалы, хакастарда білезік болашақ некенің нышаны саналған. Қазақтарда үш шынжыр арқылы сақиналармен жалғасқан «бес білезік» деп аталатын түрін қалыңдық үйлену күні таққан. Ал хакастарда мұндай бұйым тек тұрмысқа шыққан әйелдің әшекейі болып есептелген. Символдық тұрғыдан білезік үш түрлі туыстық ортаны біріктірген: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Ширату тәсілімен жасалған кейбір білезіктерді зерттеушілер көне түркілік Жылан культімен байланыстырады. Жылан өз кезегінде Ұлы Ана құдайы ұғымымен сабақтасып, құнарлылықтың нышаны ретінде түсіндірілген.

Көбіне білезіктер жұп болып тағылған, яғни әр қолға бір-бірден киген. Қыз балаға білезік не жүзік сыйлағанда: «Қолың өнерлі болсын!» — деп тілек айтылған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.