Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Қапсырма

Қапсырманың негізгі қызметі — әйел камзолының өңірін бел тұсынан қапсыру. Оның түйісетін жері кіндік аймағына сәйкес келеді. Әдетте бұл бұйым пішіні жағынан көбелекке ұқсайтын екі бөліктен тұрады. Қапсырма өте мұқият әшекейленген: оған тас орнатылып, ашық өрнек түсіріліп, қарайту, алтын жалату секілді тәсілдер қолданылған. Мұның бәрі иесінің дәулеті мен әлеуметтік жағдайын білдірген.

Киімнің бұл бөлшегі тек әшекей әрі екі жақты біріктіретін тетік қана емес, сонымен бірге кіндік тұсын, жалпы іш аймағын дененің сакралды бөлігі ретінде қорғап, айқындап тұрған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.