Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Қара өлең

Қара өлең — халық әні, оның табиғатынан түстік символика айқын байқалады. Мұндағы «қара» сөзі көне, киелі және әмбебап мағынаны білдіреді.

Мамандар халық әнін үш деңгейде көрінетін рәміздер мен кодтар жүйесі ретінде қарастырады: вербалды деңгей — поэтикалық мәтін, кинестетикалық деңгей — мимика, ишара, қимыл-қозғалыс, музыкалық деңгей — әуен тілі. Фольклордың кез келген жанры сияқты, қара өлең де астарлы символизмге ие. Бұл тек қазақ мәдениетіне тән дәстүрлі поэтикалық образдар мен рәміздердің, мысалы құстардың, жануарлардың, табиғат құбылыстарының қолданылуынан ғана емес, сонымен бірге әннің өз құрылымынан және оны орындау дәстүрінен де көрінеді. Қара өлеңнің бірқатар өзіндік белгілері бар. Ең алдымен, оның әмбебаптығы ерекшеленеді, яғни оны ерлер де, әйелдер де орындай береді, демек жасқа да, жынысқа да байланысты шектеу жоқ. Сонымен қатар қара өлең отбасылық ортада, халықтық думандарда және басқа да жағымды жағдайларда еркін орындала береді.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.