Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Жар-жар

Жар-жар — қалыңдықтың жаңа мәртебеге, яғни әйел статусына өтуін білдіретін музыкалық рәміз әрі өткелдік белгінің бірі. Оның атауы «жар», яғни дос, сүйген жар, жұбай сөзінен туындаған. Жар-жар — хор болып айтылатын ән, ол ерлер жар-жары және әйелдер жар-жары болып екіге бөлінеді. Ерлер жар-жарында қалыңдыққа айтылатын ақыл-кеңес, өсиет, бағыт-бағдар басым болса, әйелдер жар-жарында туған-туыспен, әке үйімен, еркіндікпен қоштасу сарындары көрініс табады.

Қалыңдықтың өзі, оның құрбылары мен туыс әйелдері қатысатын әйелдер жар-жарын айту барысында өрім өру, сәукеле кигізу сияқты бірқатар рәміздік әрекеттер қатар жүреді. Жар-жар қалыңдықтың өз үйіндегі үйлену салтанатының бастау нүктесі болып саналады. Осыдан кейін ол жолға шығып, күйеу жігіттің үйіне аттанады.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.