Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

«Қарға тұяқ»

Қарға бейнесі көптеген халықтардың мифтерінде орталық кейіпкердің бірі болып табылады: оның әрекеті алғашқы жаратылыс ұғымымен сабақтасып, жарықты, аспан шырақтарын, жер бетін, адам мен аң-құсты жаратумен байланыстырылады. Шамандық дүниетанымда қарға сәуегейліктің нышаны болып, көріпкел құс ретінде қабылданады. Ал еуропалық дәстүрде қарға жаман ырымның, бақытсыздықтың белгісі саналады.

Қазақтың бай зооморфтық ою-өрнек жүйесінде «қарға тұяқ» өрнегі ерекше орын алады. Оның бейнелік нұсқалары әртүрлі болып келеді. Түркі мәдениетінде қарға Демиург және трикстер, арғы ата және әлемдер арасын жалғаушы делдал мәртебесіне ие. Ол Тәңірдің адамзатқа берген алғашқы сыйы — шығып келе жатқан Күннің бейнесімен байланыстырылып, «таңды қарсы алатын алтын Қарға» деп аталған. Сонымен қатар ол өлімді дүниеге әкелген Қараңғы әлем иесі Ерлікпен де сабақтастырылады. Қарға мәңгі жасайтын құс ретінде қабылданып, Бәйтерек — әлем ағашының деңгейлері арасындағы дәнекер қызметін атқарады. Сондықтан қарға бейнесімен өлім мен мәңгілік туралы түсініктер қатар байланысады.

Көптеген түркі халықтары үшін қарға — арғы тек, рулық тотем. Якуттарда қарға ұсталардың арғы атасы әрі қамқоршысы саналады. Мәдениеттанушы З. Наурзбаева «ұс, ұста» деген сөздердің түп-төркіні құс атауымен байланысты екенін атап көрсетеді.

«Қарға тұяқ» өрнегі қуатты тұмар ретінде бағаланып, дәстүрлі тоқыма бұйымдарында бейнеленеді.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.