Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

«Шаршы»

Табиғатта дәлме-дәл баламасы жоқ ең қарапайым геометриялық пішіндердің бірі — шаршы. Бұл элемент әлемдік мәдениетте кең таралған: грек-рим дәстүрінде Афродитаның (Венераның) белгісі, пифагоршылдарда жанның нышаны, индуизмде ғаламдық тәртіптің белгісі ретінде түсіндіріледі. Жалпы алғанда, ромб пен шаршы — Еуразияның неолиттік қоныстарынан бері белгілі ең көне элементтердің қатарына жатады. Көбінесе олар әйелдік бастау мен құнарлылық күшіне қатысты ұғынылады.

Түркі мәдениетінде «шаршы» тұрақтылықтың нышаны болып саналады. Ол дүниенің төрт бұрышымен байланыстырылып, жер стихиясына сәйкес келеді және материалдық әлемнің белгісі ретінде танылады. Шаршы мен ромбтар тізбегінен құралған ою-өрнек өмірдің көрнекі метафорасы іспетті. Әдетте мұндай өрнек белгілі бір композицияны жиектеп, оның тұтастығы мен аяқталғанын білдіреді. Бұл өрнек қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің барлық дерлік түрінде қолданылады. Сонымен қатар ол қазақтың түкті кілемдерінің бір түрінің атауы — шаршы кілемге де негіз болған, өйткені мұнда басты өрнектік мотив ретінде шаршы немесе ромб алынған. Қарапайым ромб әйелдік бастау мен жердің белгісі болса, ілмекті ромб құнар беретін Жер-ананың символы ретінде қабылданады. Мысалы, ромб өрнегі бар кілем түркілердің Ұмай құдайының нышаны деп есептеледі.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.