Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Бөрік

Ерлер мен қыздардың тағы бір мәртебелі бас киімі — бөрік. Оның пішіні иесінің жынысына қарай әртүрлі болғанымен, қай түрінде де бас киімнің етегіне кәмшаттың, құндыздың немесе түлкінің бағалы терісі тігілген. «Бөрік» атауының өзі «бөрі» сөзімен байланыстырылады. Белгілі болғандай, ғұндар қасқыр тайпасының белгісі ретінде қасқыр терісін басына киген, содан бері түркі халықтарында кез келген аң терісінен тігілген бас киім bürik (börik) деп аталған. Бұл бас киім өзінің семантикасында қасқырдың киелі мәнін, оның арғы тектік тотем, қорғаушы ретіндегі қызметін бейнелейді.

Қыздардың бөрігінің төбесі үкі қауырсынымен сәнделген. Осындай бас киімді жас жігіттер, әсіресе әнші, ақын секілді өнер иелері де киген. Оның дала эзотериялық дәстүрі өкілдері арасында да таралуы бұл бас киімнің сакралды мәртебесін тағы бір айқындай түседі.

Құндыз бен кәмшат тек сапалы терісі үшін ғана емес, өсімтал жануарлар ретінде де бағаланған. Сол себепті олардың терісі осы бас киімді безендіруде қолданылған. Қыздардың бас киімдері жібек шашақпен, інжумен, маржанмен және басқа да әшекейлермен көмкерілген. Қыздар бөрігінде көбінесе ақ және қызыл түстер басым болған.

Қазақтар бөрікті «киелі» деп санаған. Сондықтан оны жерге тастауға болмайды, әрі барынша жоғары жерге іліп қою керек деп есептелген.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.