Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Шалбар

Қазақтар «үйдің құты» ұғымымен байланыстыратын киім түрлерінің бірі — шалбар, әсіресе ішкі киілетін нұсқасы. Мұндай шалбар немереге алғашқы жаялық ретінде пайдаланылып, иесі қайтыс болған жағдайда да шаңырақта сақталған. Ішкі киімнің сакралдануы оның адам тәнімен, өмірлік қуатымен тікелей байланыстылығына негізделген. Сондықтан ол әуел бастан-ақ тұмарлық мәнге ие болған. Бұл түсінік ер адамның күшімен, қуатымен, бел аймағына қатысты ұғымдармен де сабақтасқан. Мұның көрінісі, әсіресе, сәндік мақсатта тігілген дәстүрлі қазақтың былғары не күдері шалбарларының әшекейінен байқалады. Олардың беті түрлі түсті біз кестемен көмкеріліп, өрнек композицияларында бақыт, өсіп-өркендеу, құнарлылық секілді игі тілек мағыналары бейнеленген.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.