Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Бақан

Шаңырақ жоғарғы бөлігінде айырма басы бар, «бақан» деп аталатын ағаш сырықтың көмегімен орнатылған. Бақан босану және үйлену ғұрыптарына да қатысқан. Қазақ әйелдері босану кезінде осы сырыққа сүйенген. Ел түсінігінде бақан арқылы көктен босанатын әйелге жәрдем беру үшін Ұмай ана түседі деп сенген. Ол үйлену салтында да қолданылған — «бақан салымдық» деп үйлену киіз үйінің киіз жапқышын ашқан әйелдерге берілетін сыйды атаған. Бақанның киелілігіне байланысты бірқатар тыйымдар да болған: оны көлденең ұстауға, сондай-ақ үстінен аттауға болмайды, өйткені мұндай әрекет ырыс-несібеден айырады, еркектік қуатты кемітеді деп түсінілген.

Н. Ж. Шаханова бақаннан «өтпелі күй» символикасын көреді, сонымен қатар оны «құнарлылықтың иесі», еркектік қуат пен ер бастауын бейнелейтін нышан ретінде қарастырады [9, 28–29-бб.]. Бақан өмір мен өлім, өткен мен бүгін идеяларымен сабақтасып, ұрпақтар бірлігін, өсіп-өнуді, көбеюді және тағы басқа мағыналарды білдіреді. Бәлкім, осыған байланысты бақан V әрпі тәрізді графикалық таңба ретінде қазақтың ең көп санды руларының бірі — найманның тамғасына айналған болар.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.