Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Дала

1 сурет.

Дала (исітеп — көне түркі тіліндегі «іс істеу», яғни игеру, меңгеру ұғымымен байланысты) — Орталық Азияның ұлан-ғайыр кеңістігін сипаттайтын халықаралық архаизм [10]. Қазақ түсінігінде дала — киелі мекен. Бұл ұғым Жер-Ана, Атамекен, Сарыарқа, кең дала, Ұлы дала сияқты бейнелі атаулардан анық көрінеді. Ауызша поэтикалық дәстүрде далаға қатысты шексіз кеңістік, еркіндік рухы, жан дүниенің кеңдігі, арғымақтар сияқты түрлі мағыналық реңктер сақталған. Ұлан-байтақ дала байлықпен және еркіндікпен астастырылады; кең дала — «қазақ көшпелісінің шексіздікпен байланысты бастапқы рәмізі» [3]. Ежелден түркілер Жерді — анамен, ал Көкті — әкемен теңестірген. Бұл түсінік екі құдіретті бастаудың ғарыштық некесі туралы мифопоэтикалық танымда көрініс тапқан.

Бір уыс топырақ әртүрлі халықтардың ғұрыптары мен рәсімдерінде маңызды орын алған. Топырақпен ант еткен, оны түрлі магиялық әрекеттерде қолданған, ұзақ сапарға кеткенде немесе туған жерден жырақтағанда өзімен бірге ала жүрген. Ежелгі түркілердің сенімінде Жердің қуатты тазартушы әрі қорғаушы күші бар. Көшпелілердің Жер-Ананы қастерлеуі аяқкиім пішінінен де байқалады: аяқкиімнің ұшы әрдайым жоғары қайырылып тігілген, өйткені Жерді жарақаттауға, оған зақым келтіруге болмайды деп түсінген.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.