Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Шынар
1 сурет .
Шынар, яғни «шығыс платаны», Орта Азия халықтары — тәжіктер, өзбектер, қырғыздар мен қазақтар арасында ең қасиетті, ең қастерлі ағаштардың бірі болып саналады. Тәжіктерде бұл ағашты қастерлеу рәсімі сәрсенбі күндері орындалып, «мушкилкушо» («қиындықтардың түйінін шешуші», «әділ») деп аталған. Бұл ғұрыппен некенің беріктігін нығайту, отбасының материалдық жағдайын тұрақтандыру, науқастарға шипа табу, қиыншылықтардан арылу, «қара жолақтан» шығу, бала сүю, әсіресе отбасында тек қыздар дүниеге келе берсе, ұл баланың тууын тілеу сияқты үміт-тілектер байланыстырылған. Рәсім ағашты сағат тіліне қарсы бағытта үш рет айналып шығудан тұрады. Тәжіктерде бұл ғұрыптық тәжірибе «тавоф» (арабша «тауаф») деп аталады [7, 133-б.].
Өзбектер бүгінге дейін шынардың түбінде ұйықтауға болмайды, оны кесуге де, отын ретінде пайдалануға да болмайды деп сенеді. Ал қазақтар бұл ағашты тірі, игілік пен тіршілік нәрін дарытатын қуаты бар деп қабылдайды. Ауыспалы мағынада «шынар» сөзі тірек, қорған, пана деген мәнде де қолданылады.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.