Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Арша

1 сурет.

Арша, яғни можжевельник, — таңғажайып өсімдік. Ежелгі заманда қазақтар аршаны «өмір ағашы» деп атаған. Қазақтар арша бұтақтарынан шайыр мен эфир майын алған, ал түтетілген бұтақтарымен тұрғын үйлерді, киелі орындарды, атқораларды аластап, жын-шайтандарды қуған («аластау» рәсімі — «қуып шығару» дегенді білдіреді), бұл кезде магиялық дұға-тілектер айтылған. Бұл ғұрып көптеген халықтарға мәлім болған. Мәселен, шығыс славяндары арша бұтақтарын жағу адамға «тазартып-арылтатын» әсер етеді деп сенген: оның қою, дәмдеуіш тәрізді иісі бойды босаңсытып, тыныштандырады. Америкалық үндістер мен Оңтүстік Сібір тұрғындары да қара энергиядан арылу үшін осындай «ыстау» рәсімін қолданған. Арша Таулы Алтайдың байырғы тұрғындарының барлық дерлік ғұрыптық салттарында пайдаланылады. Тіпті бұл өсімдікті жинаудың өзі арнайы ережелерге бағынған: жаңа айдың үшінші күнінен бастап толған айға дейін жинау, өскен жерінде рәсім жасау, өсімдікті ер адамдардың жұлуы, балаларға тек 12 жастан бастап рұқсат етілуі және тағы басқа. Қай мәдениетте болмасын, арша міндетті түрде шамандық әрекеттермен байланыстырылады.

Еуропа халықтарында можжевельник магиялық әрекеттерде күшті қорғаныш құралы саналған. Оның бір бөлігін өзімен бірге алып жүру адамды бақытсыз жағдайлардан, қарғыстан, тіл-көзден, жабайы аңдар мен жыландардың шабуылынан қорғайды деп есептелген. Рим мен Грекияда можжевельник өлімді жеңудің және мәңгілік өмірдің символы болған; соған байланысты марқұмды ақтық сапарға шығарар жолды оның бұтақтарымен төсеп, жерлеу кезінде оларды өртейтін ғұрып орындалған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.