Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Жаңбыр

1 сурет

Жаңбыр әлемдік мәдениетте Көктің жарылқауы, құнарлылық пен тазарудың нышаны ретінде танылады. Дәстүрлі түркі мәдениеттерінде жаңбырды су көзі, яғни тіршіліктің бастауы ретінде қастерлеу кең таралған. Соның ішінде ең қадірлісі — көктем басында жауатын алғашқы жылы жаңбыр, оны ләйсән деп атайды. Қазақстандық ғалым А. Қ. Бисенбаевтың пікірінше, түркі халықтарында бұлттарға әмір жүргізетін көне тәңірлердің бірі — Бүркіт-ата. Ол бұлттарды қамшымен айдағанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, ал бұлттардың жасы жерге жаңбыр болып төгіледі. Ертеде жаңбыр шақыру үшін биік төбеде Бүркіт-атаға (Бүркіт-бабаға) құрбандық шалған. Тарихи және этнографиялық деректерде түркі қамдары мен қазақ бақсыларының жаңбыр шақыру рәсімін жасағаны айтылады, онда жеде, таш, яда деп аталатын «киелі» тас қолданылған. Қазақтардағы жаңбыр шақыру ғұрпы тасаттық деп аталады: аптапты, қуаңшылық күндері жұрт өзен не көл жағасына жиналып, құрбандық шалған. Жалпы дұғадан кейін адамдар құрбандыққа шалынған малдың етінен дайындалған астан дәм татқан. Бұл ғұрып кейбір өңірлерде бүгінге дейін сақталған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.