Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Жусан

1 сурет.

Әлемдік мәдениетте жусан әйел бастауымен байланыстырылады: ол босануға жәрдемдесетін шипалы құрал ретінде танылған, ал грек аңызы бойынша бұл шөпті алғаш осы мақсатта Артемида құдайы қолданған. Құнарлылық пен аналықтың мысырлық құдайы Исидаға қызмет ететін абыздар жусаннан өрілген тәж киген. Осындай дәстүр славяндарда да белгілі болған. Қыздар Иван Купала түні жусаннан ғұрыптық гүлтәж өріп, оны басына киген. Түркілер бұл шөпті «емшан» деп атайды.

Қазақ фольклоры бұл шөп тудыратын танымдық ассоциацияларды бейнелейтін әртүрлі сюжеттерді сақтап қалған. Ең алдымен, ол — туған жердің иісін бойына сақтаған «Естелік шөбі». Далада ертеден алыстағы туысқа құрғақ жусан бұтағын жіберу дәстүрі болған, бұл қауышуға не туған жерге оралуға шақыратын ишара саналған.

Жусан көбіне ащылықпен де астастырылады: ол тек ақ шашты кәріліктің ғана емес, сонымен қатар дала адамдары өмір бойы ұмытпайтын мұңды оқиғалардың да символы. Жусанды кейде «жесірдің шөбі» деп те атайды, оның ащы дәмін жесір әйелдің ауыр тағдырымен салыстырады.

Жусан кеңістіктің, еркіндіктің және дала болмысымен тұтастықтың нышаны болып табылады. Көшпенді үшін «жусанның ғасырлық шындығы — тек жадының нышаны ғана емес, сонымен бірге заманалар сабақтастығының да белгісі. Дала мен жусан қандай ажырамас болса, дала адамы мен жылқы да сондай тұтас» [4, 147-б.].

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.