Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Өзен (бастаулары)
1 сурет.
Су көздерін, әсіресе өзендерді қастерлеу дүниежүзінің көптеген мәдениеттеріне тән және әлемнің түрлі өңірлерінде кең таралған. Мифологияда су көбіне Әлемнің үш бөлігін — Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі дүниені — өзара жалғайтын жол ретінде бейнеленеді. Бұған көне грек мифологиясындағы Стикс (немесе Ахеронт) өзені мен үнді мифологиясындағы Вайтарани өзені мысал бола алады. Судың ағыстылығы тұрақсыздық пен өзгермеліліктің нышаны саналған және жоғары магиялық тәжірибелерде бақсылардың өзге бір кеңістікке — жер асты немесе жоғарғы әлемге — тәндік тұрғыда өтуімен байланыстырылған.
Бақсылардың жол көрсетушісі ретінде көбіне су стихиясымен тікелей байланысты жануарлар мен құстар көрінеді: қазақтарда, алтайлықтарда және басқа да халықтарда бұлар — гагара, аққу және үйрек. Осындай мағыналар қазақтар арасындағы бұлақ атауларынан да байқалады: жер астынан шығып жатқан қайнарларды «Қарасу» деп, ал мұздықтардан бастау алатын өзендерді «Ақсу» деп атаған. Мұнда судың қара түсі жер асты әлемімен, ал ақ түсі жоғарғы әлеммен астастырылады.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.